29.05.2025
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалық шақтың сиқырлы елі» атты мерекелік бэби - шоу «Ақбота» бөбекжайының бүлдіршіндеріне ұйымдастырылды. Іс - шараға бөбекжайдың барлық топтарының тәрбиеленушілері белсене қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Мерекелік бағдарлама барысында балалар ән айтып, би билеп, ертегі кейіпкерлері Ит, Қасқыр, Тышқан және Аю бүлдіршіндермен ойындар ойнады. Түрлі ойындар мен көңілді қойылымдар көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Шараның мақсаты - балалардың бойына патриоттық сезім мен мейірімділік, достық сияқты ізгі қасиеттерді сіңіру, олардың өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру болды. Мерекелік іс - шараға белсене қатысқан бүлдіршіндерге тәтті сыйлықтар таратылды.