"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Мерейлі мекеніміз - Арқалық»

25. 10. 2018ж.

 

Мақсаты: Балаларды тарихи өлкемен таныстыру. Арқалық қаласы жайлы мәлімет бере отырып, туған жердің тарихымен таныстыру, оны ардақтай білуге, отаншылдыққа үйрету.  Бұл іс-шараға  түзету мектебінің оқушылары қатысты. «Мерейлі мекеніміз-Арқалық» атты сурет сайысы болды,  балаларға ұнады. Оқушыларға Арқалық қаласының өткенімен болашағы жайлы слайд көргені қызықты болды. Арқалық қаласының алғашқы құрылғаны қай  жылдары күйрегені, қаламыздың қайтадан гүлденуін слайдтан көріп, викториналық сұрақтарға жарыса жауап берді. Бұл сабақ өздерініңде естерінде қалады, және өздерінен кейінгі іні- қарындастарына мақтанышпен айта жүреді. Сайыс соңы «Арайлы Арқалығым», «Торғай қызы салған ән» атты әндермен жалғасты.