"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Туған қаламның экологиясы»

23.05.2025

Балаларға қызмет көрсету бөлімінде «Аялы алақан» жобасы аясында Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Арқалық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызмет алушыларымен «Туған қаламның экологиясы» атты сурет салу сайысы өткізілді. Мақсатымыз оқырмандардың туған қаласына деген сүйіспеншілігін арттыру және қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетін дамыту. Сайыс соңында белсене атсалысқан оқырмандар тәтті сыйлықтарға ие болып, мадақтамалармен марапатталды.