15.10.2018
Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық білімді қалыптастыру, туған жер, табиғатты қорғауға баулу мақсатында өткізілді.
Оқушыларға табиғаттың адам өміріндегі зор маңыздылығын насихаттай отырып, оны аялауға, сақтап қорғауға өз үлестерін қосуға жұмылдыру, мейірбандыққа баулу, экологиялық білімдерін молайту. «Туған жерім – табиғатым» атты сұрақ-жауап көрмесін өткізген себебіміз: оқырмандарымызға қоршаған ортаның ластануы тіршілік иелеріне өте зиян келтіретінін айтып, келешекте табиғат тағдыры өз қолдарында екені туралы толық түсінік бердік. Табиғаттағы сұлулықты көре білу, эмоциялық әсер ала білуге, өз ортасында сымбатты да шыныққан тұлға болып қалыптасу туралы жұмыс жүргіздік.