"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Екі ғұмыр, бір әдеби әлем»

24.04.2025

«Бір ел - бір кітап - 2025» республикалык акциясы аясында әдебиетімізде өзіндік қолтаңбаларын қалдырған қос автор Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденов шығармаларын насихаттау мақсатында «Екі ғұмыр, бір әдеби әлем» атты саяхат-көрме ұйымдастырылды.

Проза, поэзия жанрлары бойынша таңдалған қос тұлға қазақ әдебиеті мен мәдениетінің тарихындағы өшпес есімдер. Ендеше, біздер үшін уақыт өте келе өзектілігін жоғалтпайтын және оқырмандармен жүрек тілінде сөйлесуді жалғастыратын бір дәуірдің қос қарымды қаламгерлерінің шығармашылығын бірге оқиық.