"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
XII Облыстык «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байкауы өтті

Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының балаларға қызмет көрсету бөлімінде XII Облыстык «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байкауы 12 - 13 жастагы балалар арасында өтті.«Сөз құдіреті» байқауына 17 оқушы қатысты. Байқау Ұлттық кітап күніне және Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай ұйымдастырылған. Байкауға қатысу үшін шығармаларды таңдау 2022, 2023, 2024 жылдары шыққан «Таза бұлақ» жинағына енген авторлардың шығармаларымен шектеледі. Байқаудың мақсаты мен міндеттері: «Таза бұлақ» жинақтарын насихаттау, жасөспірімдерді заманауи қазақстандық авторлардың мәдени және зияткерлік дамуына ықпал ететін шығармаларымен таныстыру және оқырмандар арасында оқуды насихаттау, окитын балалардың мәртебесін арттыру, көркем сөз жанрына ие талантты оқырмандарды аныктау, қолдау және ынталандыру.
Мәнерлеп оқу байқауында екінші орынды Ш. Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектеп оқушысы Тұрақ Нұрперзент иеленсе, ал үшінші орынды Ы.Алтынсарин атындағы гимназия оқушысы Жақан Нурислам алды. Актерлік шеберлігі мен орындауы жоғары бағаланған Кейкі батыр атындағы № 4 жалпы білім беретін мектептің 7 «Ә» сынып оқушысы Тұрмағамбетова Арайлым бірінші орынды жеңіп алды. «Таза бұлақ» жинағынан автор Әдина Жүсіптің «Тентек қонжық» ертегісінен қонжықтың рөлін сомдады. Байқауға қатысқан оқырмандар мақтау қағазы және сыйлықтармен марапатталды. Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет баскармасы, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өтетін XII Облыстық «Сөз құдіреті» байқауына Кейкі батыр атындағы № 4 жалпы білім беретін мектептің 7 «Ә» сынып оқушысы Тұрмағамбетова Арайлым жолдама алды.
Арайлымға сәттілік тілейміз!