"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Ана тілім – қасиетті дара тілім»

Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдіретті. Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығының дамуының құралы. Елбасымыз Н.Ә:Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы»деген болатын.


22 -қыркүйек Қазақстан Республикасының халықаралық тілдер күніне орай «Ана тілім, қасиетті дара тілім» атты интеллектуалды сайыс өтті. Мақсатымыз оқушыларға қазақ тілінің қадырын ұғындырып, қасиетін дарыту, сөздік қорларын молайту, ана тілін сүюге, ардақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында өткізілген іс – шараға №1 Ш. Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінің 6 «А», 6 «Б» сынып оқушылары қатысты. Сайыста мақал – мәтелдерді жалғастырып, жұмбақтың шешуін тауып, үш тілге аударды. Түрлі қызықты сұрақтар қойылып, оқырмандар «Қазақтың тілі жасасын» атты шағын сахналық қойылым тамашалады.  № 1 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінің 2 «А» сыныбының оқушылары Мұхтар Шахановтын «Төрт ана» өлеңін нақышына келтіріп оқып, «Тәуелсіз қазақтың қызымын» деп Жақсылықова Әнел ән салса. Бақытжан Ерасыл «Батырлар ұраны» әнімен кешті тәмамдады.