"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
"Отбасылық оқу - ұрпақтардың рухани байланысы"

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев "Бүгінде ұлттың бәсекеге қабілеттілігі оның білім деңгейіне байланысты. Ал, кітап адамды жан-жақты дамытады, ой-өрісін кеңейтеді" дейді.Орыс педагогы В.А.Сухомлинский "Адамгершілігі жағынан, мәдениетті адамдар, саналы еңбеккерлер кітапқа деген терең сүйіспеншілікке бөленген отбасынан шығады" деуі тегін емес.Өйткені ата-ананың ықпалынсыз әдебиетке жақын, рухани кемелденген азамат тәрбиелеу қиынға түсері анық.

Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде жас ұрпақтың тәрбиелі де, білімді болып өсуінің кепілі кітапхана мен отбасы  арасындағы тұрақты қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында   "Отбасылық оқу - ұрпақтардың рухани байланысы" атты  іс-шара болып өтті. Іс-шарамызға қаламыздағы Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның қазақ тілі пәні мұғалімі Жанаргүл Сағынтайқызы қатысып, "100 кітап"  акциясы жайында әңгімеледі.Осы аталған мектептің 6 сынып оқушысы Нұрғалиева Мәдинаның  анасы Перизат  кітап оқуда отбасындағы ата-ананың роліне тоқталып өтті.Бастауыш гимназиядан келген кітапханамыздың ең үздік оқырманы Нұрбеков Досжан болса, оқырмандарымызға домбырамен күй тарту етті. Кітапханамыздың  библиографы Сейтхожина Гүлнар кітап оқудың адам өміріндегі маңыздылығы жайында айтып, бірқатар кеңестер беріп өтті. 

Елдің елдігін сақтайтын сақтайтын - әдебиеті, тарихы, жол жорасы десек, қазақтың жан дүниесі , болмыс бітімі ертегі -жырлар әлемінде жатыр.Қазіргі айтылып жүрген ұлттық код дегеніміз осы дүниелер.Сондықтан да рухани жаңғыруды өз отбасымыздан бастап, баршаңызды бірге оқуға шақырамыз.Әжесінің ертегісін , атасының нақыл сөзін. анасының бесік жырын тыңдап өскен ұрпақ азбайтынын есте сақтайық!