Балалар кітап апталығының төртінші күні балаларға қызмет көрсету бөлімінде «Армысың, Әз-Наурыз!» атты фольклорлық мерекеге жалғасты. Бұл іс-шара «Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің қатысуымен өткізілді. Оларға Наурыз мерекесінің қасиетін ұғындырып, 14 наурыз – Көрісу күні, яғни Амал күні сахналық қойылым арқылы түсіндірілді. Көріскен қонақтар бір-біріне «Бір жасыңмен!», «Жаңа жасың құтты болсын!» «Жасың қайырлы болсын!» деген тілектер айтты. Сонымен қатар «Шашбау» рәсімі көрсетіліп, қазақтың салты бойынша нәзік жандының барлығы дерлік қолаң шашқа сән беріп, оюланған шашбау, күмістелген шолпының маңызы түсіндірілді. Іс-шара соңында оқырмандар мерекелік дастарханнан «Наурыз көжеден» дәм татты.
«Армысың, Әз-Наурыз!»