"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Менің құқығым мен міндеттерім»

Балалар әдебиеті бөлімінде  30 тамыз Конституция күніне орай,  балаларға олардың құқықтары туралы түсінік беру, өзін және басқа адамды сыйлауға тәрбиелеу  мақсатында  «Менің құқығым мен міндеттерім» атты құқықтық ойын өткізілді.

Оқырмандарды ойната отырып, ойланту арқылы еліміздің негізгі құжаты Ата Заңымызбен, Конвенция жайында түсініктер бердік. Ойын саяхатымызда   «Бала құқықтары» бекетінде балалар өз құқықтарын таныса, «Жағдаят шешу» бекетінде түрлі жағдаяттарда бұзылатын құқықтар жайында білді, ал «Түсініктеме» бекетінде сөздердің мағынасын ашу арқылы білімдерін тереңдетті. «Ертегі» бекетінде оқыған ертегілеріндегі кейіпкерлерден мысал келтіре отырып, балалар өз құқықтарын таныды. Ойын соңында кітпханаға байланысты құқықтар мен міндеттермен де танысты. Барлық қатысқан оқырман саны 25.