Балаларға қызмет көрсету бөлімінде 12 наурыз күні қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Абай мұрасы – қазақ поэзиясының шыңы» атты қалалық Абай оқулары байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты оқырмандарға ақынның даналығын, асыл мұрасын насихаттап кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Қазылар алқасының шешімі бойынша «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясын А. Құнанбаев атындағы мектеп гимназиясының 5 сынып оқушысы Берікқызы Інжу, «Білімдіден шыққын сөз» номинациясын Ы. Алтынсарин атындағы гимназиясының 5 сынып оқушысы Кәки Айбибі, «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» номинациясын № 8 негізгі орта мектебінің 5 сынып оқушысы Мухамбетжанова Аяулым иеленді. «Қара сөзді қадірлеген» номинациясын Кейкі батыр атындағы № 4 жалпы білім беретін мектебінің 5 сынып оқушысы Қожагелді Гүлдана және Ы. Алтынсарин атындағы гимназиясының 6 сынып оқушысы Нұрхан Асылым иеленсе, «Көркем сөз шебері» номинациясын Б. Майлин атындағы №3 жалпы білім беретін мектебінің 6 сынып оқушысы Абзалқызы Назым және Ш. Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектебінің 5 сынып оқушысы Төлеу Гүлбазар иеленді. «Көрермен көзайымы» номинациясын А. Құнанбаев атындағы мектеп гимназиясының 3 сынып оқушысы Думанова Айзере және А. Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясының 4 сынып оқушысы Құлмұрат Інжу иеленді. Байқау жеңімпаздары сыйлықтарға ие болып, барлық қатысушылар, ұстаздар дипломдармен марапатталды.
«Абай мұрасы – қазақ поэзиясының шыңы»