Адамзат алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы –салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу болса жас ұрпақтың өскелең талабын қанағаттандыруда, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда,кітапхана тарапынан өткізіліп жататын іс – шаралар жетерлік .
Балаларды кітап оқуға шақыру және жаз мезгіліндегі бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде « Жаз қызығы кітаппен» атты жазғы оқу бағдарламасы жасалған болатын. 2018 жылдың 1 маусымынан басталған бағдарлама аясында «Мерекелік гүл», «Бояулар бізде қонақта», «Бәліш қобдишасы», «Ақылды піл», «Көнілді мухомор» тәрізді шеберлік сабақтар және « Біз денсаулықты тандаймыз» атты танымдық ойындар өткізілді. Бөлімге келіп түскен жаңа кітаптармен газет журналдар оқырман назарына ұсынылып отырды.
Сонымен қатар жазғы лагердегі демалушы балалар және қала қонақтарына кітапханамызда «Астана - болашақтың қаласы» тақырыбында »экскурссия сағаттары жүргізілді. Өскелең ұрпақты рухани құндылығымыз кітаппен достастыру мақсатында біздің кітапханамызда іс-шаралар жалғасын таба береді. Сондықтан туған өлке тарихымен танысып, көркем әдебиетпен сусындаймын десеңіз кітапханаға есігі сіздерге әрдайым ашық!