"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Абай – ұрпақ жүрегінде»
Балаларға қызмет көрсету бөлімінде ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Абай – ұрпақ жүрегінде» атты тұрақты кітап көрмесінің ашылуы өтті. Көрменің басты мақсаты – қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын, ақын шәкірттерінің мұрасын оқырмандарға таныстырып насихаттау.