"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Балалық шаққа саяхат»
20.06.2024 «Бір ел – бір кітап - 2024» республикалық акция аясында көрнекті, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай «Балалық шаққа саяхат» атты әдеби бульвар өткізілді. Іс-шара қаланың ең көрікті орыны – демалыс саябағында өтіп жиналған оқырмандарға Б. Соқпақбаевтың өмір жолы мен жазушылық қызметінен мәліметтер бере отырып, әлемге танылған әйгілі шығармаларын насихаттадық.