"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне

30.05.2024

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай оқырмандарды кітапхана қорындағы ерекше кітаптармен таныстырып, кітап оқуға баулу, ойын - сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру мақсатында балалар әдебиеті бөлімі «Елдің сәні – ерке балғындар» атты бэби шоу «Алпамыс» бөбекжайы бүлдіршіндермен өткізілді. Іс-шара барысында жылжымалы кітап көрмесі таныстырылды.

Бүлдіршіндер ертегі кейіпкерлері Сайқымазақ, Фиксики, Маймыл, Қоянды қарсы алды. Кітапханашылар бүлдіршіндермен бірге қызықты ойындар мен «Арам зам, зам», «Буги - вуги окей» әуеніне флешмоб биледі. Балаларға жаздың тамаша күніндей нұрлы, көңілді, қуаныш-шаттыққа толы бақыт тіледік. Кейіпкерлермен бүдіршіндер ертегі әлеміне саяхат жасады.

Мерекелік іс - шараға белсене қатысқан бүлдіршіндерге тәтті сыйлықтар таратылды.