"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Сәбидің күлкісі – әлемнің сыңғыры»

2018 жылдың 1 маусым күні, № 2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Балалар әдебиеті бөлімінде, Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, балаларға шын көңілден шаттық, көңіл-күй сыйлап, мейірімділікке баулу, шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында, «Сәбидің күлкісі – әлемнің сыңғыры» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.

 

Балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері бүлдіршіндерді ертегі кейіпкерлерімен қарсы алды.

 

Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз. Ашық аспандай, нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балаларымыз бейбіт өмір сүрсе, олардың жүректерін қайғы мұң шалмаса,  сол - бақыт! Дәл осы күні болашақта адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құру үшін оның негізі - балаларға барлық жағдай жасау керектігі тағы да паш етіледі. Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі.  

 

Мерекелік іс-шарамызға қаламыздағы «Алпамыс», «Ақбота», «Золотой ключик», «Раушан» балабақшаларынан келген бүлдіршіндеріміз мерекемізді тамашалап өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би биледі. Қонақтарымызға мерекелік іс-шарамыздың соңында өнерлерін тамашалап, мақтау қағазымен марапаттап қошеметімізді көрсеттік. Балаларға жаздың тамаша күніндей нұрлы, көңілді, қуаныш-шаттыққа толы бақыт тіледік. Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шара өз деңгейінде өтті.