"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Аңдардың жұмбақтары»

Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде жас оқырмандарымызды қызықтыратын кітаптың түрлері көп.Бүгінде біздің бөлімнің кішкентай оқырмандарын әсем кітаптардың сан алуандығы қызықтырады.

 

Әсіресе «Саяхатшы Дара» сериясымен шығып жатқан кітаптар мен кітаптар  бүгінде біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің ең сүйікті кітаптарына айналған. Соның ішінде  аудио кітаптардан ертегі жұмбақтарды тыңдағанды ұнатады. Жұмбақ – балалар жақсы көретін, кеңінен таралған халық шығармашылығының бірі. Жұмбақ шешу барысында балалар көңілін көтеріп қана қоймай, зеректігін де тексере алады.

Дүниежүзілік  жануарлар күніне орай  өткізілген «Аңдардың жұмбақтары» атты қызықты хабарлама сағатынан балалар  жұмбақтар  арқылы тілдерін дамытып қана қоймай, қызықты ойындар арқылы эмоциялық сезімдерін дамытты. Кітаптағы суреттерге қарап аңдардың қалай дыбыстайтынын, олардың балаларының қалай аталатынын білді.

 

Дараның  жануарлар  туралы қойған сұрақтарына балалар  қызығушылықпен жауап берді.