"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Жылжымалы кітапхана балабақшада

Кітапхана балабақшада қонақта...

 

Жылжымалы кітапхана аясында кітапханамызға келіп түскен дыбыстық кітап, ашылмалы кітап, түрлі пішіндегі кітап, құрастырмалы кітаптарды алып Балдырған балабақшасына бардық. Бізді ерекше ілтипатпен әдіскер Эльмира Сарсенбаевна қарсы алды. Ересек топ «Батыр». «Барыс», «Бәйтерек» тобының бүлдіршіндеріне кітаптарымыз кең көлемде таныстырылып, «Түйе неге су ішкенде артына бұрылып қарайды» ертегісі оқылып, бүлдіршіндерге кітаптарды қалай ұстау керектігі, ұқыпты пайдалану жайлы түсіндірілді. Бүлдіршіндер бізбен  қимай қоштасты. Ата-аналарымен кітапханаға келіп кітап оқуға шақырдық.