8 наурыз халықаралық аналар мерекесіне орай, облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде «Жүректің жылуын сыйлаймын анама» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Бүгінгі таңда балалар әдебиеті бөлімінде отбасылық оқу дағдыға айналған. Кітапханамыздың тұрақты оқырмандарымен өткізілген бұл іс-шараның мақсаты аналарды құрметтеп, сыйлай білуді, анаға деген сезімдерін білдіруге үйрету болды. Балалар тек ән айтып , би билеп қана қойған жоқ, сондай-ақ отбасымен оқыған кітаптарынан аналарымен және әжелерімен қосылып викториналық сұрақтарға жауап берді. Іс-шара соңында балалар келген қонақтарымызға «Шебер қолдар» үйірмесінде өз қолдарымен жасалған гүлдерін тарту етті.