26 наурызда Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде XI Облыстык «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байкауы 12-13 жастагы балалар арасында өтті.«Сөз құдіреті» байқауына 9 оқушы қатысты. Байқау «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында өтіп, дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай ұйымдастырылған. Байкаудын такырыбы: «Мектебім менің мектебім» Байкауға шығармалары тандау мектеп туралы жазатын қазакстандык авторлардың (қазіргі және классиктердің) көркем әдебиеттермен шектеледі. Жасөспірімдерге арналған шығармаларды немесе балалар, жасөспірімдер әдебиеті шеңберіне енген шығармаларды таңдау құпталады.Байқаудың мақсаты мен міндеттері: жасөспірімдерді қазақстан эдебиетіне деген қызығушылығын және оқырмандар арасында оқуды насихаттау, окитын балалардың мәртебесін арттыру; көркем сөз жанрын меңгерген талантты орындаушыларды аныктау, қолдау және ынталандыру;Мәнерлеп оқу байқауында бірінші орынды Кейкі батыр атындағы № 4 жалпы білім беретін мектептің оқушысы 8 «Ә» сынып оқушысы Бақытжан Айару бұйырды. Ал екінші орынды Абай Құнанбаев атындағы мектеп - гимназияның 6 «В» сынып оқушысы Мәлікәждар Әлихан иеленсе, үшінші орын Ш. Уәлиханов атындағы №1 мектептің оқушысы Дәулен Айнар алды. Актерлік шеберлігі мен орындауы жоғары бағаланған Кейкі батыр атындағы № 4 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Омарова Тұмар бас жүлдені жеңіп алды. Әдібай Табылды «Мектеп кітапханасы» шығармасынан үзінді сомдады. Байқауға қатысқан оқырмандарға мақтау қағазы және сыйлықтармен марапатталды. Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет баскармасы, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өтетін XI Облыстық «Сөз құдіреті» байқауына Кейкі батыр атындағы № 4 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Омарова Тұмар жолдама алды. Жеңісің құтты болсын. «Сөз құдіреті» байқауына 15 оқырман көрермен болды. Бас жүлдені жеңіп алған Омарова Тұмар XI Облыстык «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байкауына сәттілік тілейміз!
https://arkalyk-ounb2.kz/balalar-b-limi/balalar-b-limi-3/3275-s-z-direti.html#sigProId24ed95e946