"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Ертегілер әлемінде»

Балалар кітап апталығы мерекесінің бесінші күні «Ертегілер әлемінде» атты ертеңгілік «Ақбота», «Алпамыс», «Раушан» бөбекжайы бүлдіршіндерімен өткізілді. Мерекелік шарада балалар ән салып, би билеп, кітап туралы тақпақтарын айтып өз өнерлерін ортаға салды. Қосымша білім беру орталығынан келген «Көңілді балалар» қуыршақ үйірмесі «Күшік, мысық және тышқанның достығы» ертегісінен, ал «Алпамыс» бөбекжайы бүлдіршіндері «Қолғап» ертегісінен қойылымдар көрсетіп оқырмандарды қуанышқа бөледі.