Балалар кітап апталығының төртінші күні балалар әдебиеті бөлімінде «Наурыз –мерекем, Наурыз- берекем!» атты фольклорлық мереке ұласты. Айтулы мерекеге «Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің және психоневрологиялық ауруы бар 18 жастан асқан мүгедектерге арналған күндізгі болу бөлімшесінің тәрбиеленушілерімен өткізілді. Оларға Наурыз мерекесінің қасиетін ұғындырып, ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерді сахналық қойылым арқылы түсіндірілді. Оқырмандарға қазақтың салты бойынша «Сырға салу» рәсімі көрсетіліп, ұлттық ойындар ойнатылып, ән мен биден шашу шашылып, мерекелік дастарханнан Наурыз көжеден дәм татты.
«Наурыз – мерекем, Наурыз - берекем!»