"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Бала жанының бағбаны»

13.03.2024 ж.

Балалар әдебиеті бөлімінде «Бір ел – бір кітап 2024» республикалық акция аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай «Бала жанының бағбаны» атты әдеби-ойын Кейкі батыр атындағы № 4 жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен өткізілді. Іс - шараны өткізудегі мақсатымыз оқырмандарға Б. Соқпақбаевтың өмір жолы мен жазушылық қызметінен мәліметтер бере отырып, әлемге танылған әйгілі шығармасын насихаттау.