Балалар әдебиеті бөлімі «Балаларға аялы алақан» атты квест ойынды «Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің психоневрологиялық ауруы бар мүгедектігі бар балалардың күндізгі болу бөлімшесінің тәрбиеленушілерімен өткіздік. Мақсатымыз балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, өзін еркін сезінуге көмектесу, көңіл-күйін көтеріп, өмірге қызығушылығын арттыру. Іс-шараның соңында Арқалық қаласындағы Қазақстан Халық партиясының мүшелері қатысып балаларға жылы лебіздерін білдіріп, тәтті сыйлықтарымен қуантты.
07.12.2023 «Балаларға аялы алақан»