"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Балалар кітап апталығы «Кітап – рухани жаңғыру құралы»

Халықаралық балаларға арналған кітап күні  көптеген елдерде балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығы аясында әлемнің үздік кітаптарына арналған байқаулар, көрмелер, конференциялар мен фестивальдар өткізеді.

 

Халықаралық күн саналатын атаулы мереке аясында түрлі балалар кітаптары жарнамаланады. Оларға бұрыннан таныс болмай келген кітаптар жайында айтылып, кішкентайлардың санасын ояту мақсатында түрлі дәрістер де оқылады.  Жыл сайын әлем елдері мерекенің тақырыбын алдын ала белгілейді. Осы арқылы балалардың көңілін білім мен танымға арттырады.

 

Кітап апталығының жоспары алдын ала белгіленіп, қаламыздағы барлық мектептерге таратылды.  Мереке 13-17 наурыз аралығында өткізілді. 

 

Жылдағы дәстүр бойынша  №2 Облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының Балалар әдебиеті бөлімімен мектеп кітапхаларының ұйымдастыруымен аталып өтетін балалар кітап апталығы биылда жалғасын тапты. Осыған орай әр күн сайын бірнеше іс-шара ұйымдастырдық.

 

«Рухани жаңғыру» аясында  қала мектептерімен бірлесіп   «Кітап – рухани жаңғыру құралы» айдарымен Ш. Уәлиханов атындағы   № 1 орта мектепте ашылу салтанаты болды.    № 6 мектептің  3 «В» сынып оқушылары және сынып жетекшісі Садуова Жанар  балалар кітап апталығын ашып берді. Балалар мерекелік бағдарламада ойын ойнап викториналық сұрақтарға жауап беріп сыйлықтар таратылды.