"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Балауса балғын балалық шақ»

 

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай оқырмандардың «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту, кітапхана қорындағы ерекше кітаптармен таныстырып, кітап оқуға баулу, ойын-сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру мақсатында балалар әдебиеті бөлімінде   «Балауса балғын балалық шақ» атты мерекелік ертеңгілік өткізілді. Мерекелік іс-шараға келген «Ақбота», «Алпамыс», «Балдырған», «Золотой ключик» балабақша бүлдіршіндері мен кітапханамыздың тұрақты оқырмандарын ертегі кейіпкерлері Түлкі, Тышқан, Қоян, Барыс және Спанч боб қарсы алды.  Балаларға жаздың тамаша күніндей нұрлы, көңілді, қуаныш-шаттыққа толы бақыт тіледік. 

         Мерекелік іс-шараға белсене қатысқан бүлдіршіндері мен тәрбиешілерін марапаттап, тәтті сыйлықтар таратылды.