"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
05.04.2023 Балалар әдебиеті бөлімінің ұйымдастырумен X облыстык

«Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байкауы өткізілді. 

Байқау «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында өтіп, дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай ойластырылған.

Мақсатымыз жас ұрпақтың қазіргі әдебиетке деген қызығушылығын және жасөспірімдер арасында оқуды насихаттау, өскелең ұрпақты кітап оқуға баулу, кітап оқитын балалардың мәртебесін арттыру. 

Мәнерлеп оқу байқауында бірінші орынды  А. Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияның 5 «А» сынып оқушысы  Сүндет Серікжан,  екінші орын Ш. Уәлиханов атындағы № 1 мектептің  7 «Ә» сынып оқушысы  Даулен Айнар иеленсе,  үшінші орын А. Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияның 5 «В» сынып оқушысы  Қожахметов Шыңғысқа бұйырды.

Айгиз Баймұратовтың «Көше балалары» шығармасынан  үзінді  сомдап, актерлік шеберлігі мен орындауы жоғары бағаланған Ы. Алтынсарин атындағы гимназияның 7 «Ә» сынып оқушысы Әбжан Нурикамал  бас жүлдені жеңіп алды.

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өтетін оныншы облыстық «Сөз құдіреті» байқауына Ы. Алтынсарин атындағы гимназияның оқушысы Әбжан Нурикамал жолдама алды.  Жеңісің құтты болсын. Бас жүлдені жеңіп алған Әбжан Нурикамалға X облыстык «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байкауына сәттілік тілейміз!