"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
16.03.2023 «Бүлдіршіндер кітаптың құпиясын ашады»

Балалар кітап апталығы мерекесіне орай балалар әдебиеті бөлімінің ұйымдастыруымен «Бүлдіршіндер кітаптың құпиясын ашады» атты ертеңгілік «Ақбота», «Алпамыс», «Балдырған» балабақшаларының бүлдіршіндерімен өткізілді. Мерекелік шарада балалар ән салып, би билеп, кітап туралы тақпақтарын айтып өз өнерлерін ортаға салды.

«Көңілді балалар» қуыршақ үйірмесі  «Қой мен серке» ертегісінен, «Балдырған» балабақша бүлдіршіндері «Қоян мен түлкі» ертегілерінен қойылымдар көрсетіп оқырмандарды қуанышқа бөледі.