2018 жылдың 14 ақпан күні № 2 ОӘҒК-ның балалар әдебиеті бөлімінде Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай «Ауғанстан жүректегі жара» атты патриоттық кеш ұйымдастырдық. Іс-шараға мүмкіндігі шектеулі балалар қатысты.
Мақсатымыз: Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету.
Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бүгінгі таңда Қазақ елінде 10000-ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000-дайы мүгедектер қатарында. Ауғандық ардагерлер қоғамы өкілдерінің сөзінше кеңес заманында мемлекет тарапынан бұларға айтарлықтай көңіл бөлінді.Он жылға тарта созылған бұл соғыстың аяқталуы да ауыр болды.
Қорыта келгенде айтатынымыз, ауған соғысы аяқталғанымен, оның салдары халықтың жадында мәңгіге сақтаулы. Себебі, бұл соғыстың әкелген қайғысы жауынгерлердің қанымен, аналардың көз жасымен тарих беттерінде өзіндік із қалдырды. Біздің қаламыздағы ауған ардагерлермен жыл сайын ақпан айында кездесу өткізу дәстүрге айналған. Кеш барысында оқырмандар осы ардагерлермен өткізілген сұхбатты бейне таспа арқылы тамашалады. Сонымен қатар оқырмандар назарына «Ауғанның от жалыны» атты сурет көрмесі ұсынылды.