"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Қош келдің, бірінші оқырман!

Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық – деп, қаңтардың алғашқы күндерінде №2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі алғашқы оқырманын қабылдады Кітап - біздің рухани байлығымыз, жан азығымыз. Кітап адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Ол елді, жерді сүюге талапты, кішіпейіл болуға мейірімділікке төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үйретеді. Кітап оқу дегеніміз – оқырманның рухани өмірінің бір жағы. Бар білім де, ақылдың нұр сәулесі де кітаптан тараған «Өткірдің жүзі, кестенің бізі , өрнегін сендей сала алмас» - деп ұлы Абай атамыз таңырқап, тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз бен кітабымыз.


Бұл мерекеге орай кітапхана іші безендіріліп, кітапханашылар ертегілер әлеміне бүлдіршіндерді саяхатқа шақырды. Оқырмандар алуан түрлі кітаптармен және кітап кейіпкерлерімен танысып, қазақтың «Алтын сақа»,«Ұр тоқпақ», «Тазша бала» ертегілерінен қойылған сұрақтарына жауап берді.


2018 жылдың «Бірінші оқырманы» деген атаққа № 4 орта мектебінің даярлық сынып оқушысы Исабеков Сұлтанбек ие болды. Анасының тәрбиесімен кітап оқуға деген құлшынысы өте жоғары. Олай болса, біз кішкентай бүлдіршіндерімізді үнемі компьютер мен ұялы телефонда отырмай, оларды да өз мөлшері мен уақытында ғана қолдануға үйретейік. Тіл мәдениетін, сөйлеу мәдениетін жақсы білгіміз келсе «кітап оқиық» дегіміз келеді. Кітапты көбірек оқуға шақырамыз.