"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Ұлтының рухани көсемі» (А. Байтұрсыновқа 145 жыл)

Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде бүгінгі тұтас буынның төл басы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан ұлыларымыз салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы,  ірі ғалым, тілші, әдебиет зерттеушісі, түріктанушы, дарынды ақын, аудармашы, педагог, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 145 жылдық мерейтойына орай поэтикалық слэм өтті. Аталмыш шарада оның өмірі мен шығармалары насихатталды.

Ахмет атамыздың өзі айтқан «Мойындағы борышты білу - білім ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі» деген сөзімен сіздерге бейбітке толы күндерімізде кездескенше, - деп тәмамдадық.