"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Ертегілер елінде – В мире сказок»

№2 Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінің кіші буын оқырмандарына жаңадан түскен кітаптарға


«Ертегілер елінде – В мире сказок» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрмеге «Фолиант» баспасынан «Қазақ ертегілері», «Мені мазалайтын не?»  серияларымен шыққан ертегілер, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Алматыкітап» баспасынан шыққан қазақ және орыс халықтарының ертегілері қойылды.


Балалар «Аруна» баспасынан шыққан мектеп жасына дейінгі, бастауыш сынып оқырмандарына арналған  заманауи электронды, аудио- дискіге жазылған ертегілерді тыңдады. Ертегілердегі тартымды оқиғалардан балалардың алар тәлім-тәрбиесі мол. Сондықтан да жас оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығы артары сөзсіз. Бұл іс-шараға 28 бала қатысты. Нәтижесінде кітапхана оқырмандары 12 баламен толықты.