"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Ұлт мақтанышы - Елбасы»

29 қарашада  Шоқан Уәлиханов атындағы 4 «В» сынып оқушылары Тұңғыш Президент күніне арналған «Ұлт мақтанышы - Елбасы» ақпарат сағатына қатысты. Ақпарат сағатына қатысушы балалар Елбасына арналған Тұңғыш Президенттің балалық және жастық шағы туралы ауызша хабарлама, өлеңдер дайындады. Оқушылар «Муз-арт» тобының орындауындағы «Үш қоңыр» (сөзінің авторы Н.Ә.Назарбаев) және «Жүрегім менің» (Президенттің балалық шағы туралы «Балалық шағымның аспаны» фильмінің фрагменттеріне негізделген) әндердің клипін тыңдады. Сонымен бірге оқушылардың назарына Президенттің өмірі туралы «Назарбаев LIVE» деректі фильмінен үзінді ұсынылды.


Балалармен іс-шара барысында «Қазақстан-2050» бағдарламасының негізгі бағыттары бойынша әңгіме өткізіліп, «Өз заманының ұлы» кітап көрмесінің шолуы жасадық.


Іс-шара қорытындысында «Сен Н.Назарбаевты білесің бе?» интерактивті викторинасы өткіздік. Викторина жеңімпаздарына естелік сыйлықтар тапсырдық.