Облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінің ұйымдастырумен 14-18 наурыз аралығында «Балалар кітаптарының сиқырлы әлемінде» атты балалар кітап апталығы ашылды. Бұл мереке біздің кітапханамыздың дәстүрлі мерекесі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы Барыс жылын «Балалар жылы» деп жариялады. Бұл іс-шараны өткізудегі мақсатымыз: әр оқырманның бойына игі құндылықтарымызды сіңіріп, болашағымыздың үміт күтер азаматтары ретінде тәрбиелеу, жас оқырмандардың бойына кітапқа деген қызығушылықтарын арттырып кітапхана қорындағы жаңа әдебиеттерді оқырмандарға жарнамалау.
14.03.2022 ж. «Балалар кітаптарының сиқырлы әлемінде»