"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
05.03.2022 ж. Ана – өмір, ана – жыр

Балалар әдебиеті бөлімі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – өмір, ана – жыр» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсатымыз, оқырмандардың анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, ананы құрметтеуге, адамгершілікке, әсемдікті сүюге тәрбиелеу. Көрмеде қазақ тарихындағы батыр аналарымыз және ұлы даланың ұлы қыздары жайлы жазылған шығармалармен танысуға болады. Атаулы көрмені оқырмандар, кітапхана қызметкерлері қызығушылықпен тамашалады.