«Сүйемін туған тілді анам тілін – Люблю свой язык – язык моей матери» атты Неміс қоғамдығының төрайымы Пыхтина Зинаидамен бірлесіп әдеби сайыс ұйымдастырдық. Сайыстың мақсаты: жас ұрпақты өзінің ана тілін сүюге,тілдің көркемдігі мен байлығын үйреніп,орынды қолдануға тәрбиеледік. Өз Отанына аянбай қызмет ететін озық ойлы,тапқыр да табанды, сонымен қатар әдет – ғұрыптарымызды сақтауға, мемлекеттік тілді қастерлеуге және басқа да ұлттар тілін құрметтеуге үйреттік.
Сайысымыз 6 турдан тұрды.
I тур «Тапқыр достар»
IІ тур . «Аламан бәйге»
IІI тур - «Полиглот»
ІV- тур - «Ең үздік аудармашы» «Лучший переводчик»
V- тур - «Сөзжасам»
V I - тур. «Пантомимо»
Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, үш тілдік саясатын дамыту. Осы іс-шараға Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназияның оқушылары катысты. Соңынан видеоролик көрсетілді.
Іс – шараның соңынан сайысқа белсене ат салысып отырған оқырмандарды сыйлықтармен марапаттадық және Неміс қоғамдығының төрайымы Пыхтина Зинаида өз атынан «DVD» тапсырды.