"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Ұлы тұлға, алтын діңгек»

№2 Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, Абай жолы роман – эпопеясымен таныстыру, оқушыларды ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу, шығармашылық танымдарын толықтыру мақсатында Мұхтар Әуезовтың 120 жылдығына орай әдеби қонақжайлылығымыз өтті.


Шараға қатысушы кітапхана оқырмандары қазақ қоғамының жарты ғасырлық әлеуметтік, тұрмыстық, отбасылық, ғұмырын мейлінше дәл, айқын, адал бейнелейтін Мұхтар Әуезовтің «Жетім», «Көксерек», «Ақ қонақтары», «Қорғансыздың күні» т.б шығармаларынан үзінді оқыды. Арнайы осы әдеби қонақжайлығымызға сөзжұмбақ құрастырып, оқырмандар шешімін тапты. Кітапхананың тұрақты оқырмандары, қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімдері, кітапханашылары қатысты. Шара барысында кітапхана директоры Бөрібаева Қазына Байсабековна сөйлеп, «Мұхтар Әуезовті оқимыз» және жазушы туралы айтып өтіп, алғыс хаттармен марапаттады. Шара соңында қатысушылар өздерінің ой-түйіндерімен бөлісті. Іс – шараға 42 оқырман қатысып. Жаңа оқырман болып 17 бала тіркелді.