Отбасы – қасиетті құндылық. Адам баласына берілетін тәрбиенің ең негізгі осы отбасында қалыптасады. Талайды қанаттандырған киелі шаңырақ – отбасы. Сондықтан, отбасы мерекесі күні белгілеуінің өзіндік маңызы бар. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу кезінде отбасылық салт-дәстүрлерді қолдау және дамыту, оқушылардың көркемдік шығармашылығын насихаттау, балалардың бойында патриотизм және отбасылық құндылық сезімдерін ояту – біздің басты мақсатымыз болды.
Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің. Аталған іс-шарамызға Ш.Уалиханов атындағы № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 4 «Б» сынып оқушылары келіп қатысып, отбасы туралы айтылған қазақтың мақал-мәтелдерін талқылап, слайд арқылы ойындар ойнатылды. Отбасының екі тірегі - әлпештеген әке мен аялаған аналармыз жайында Қоныс Аян мен Қоныс Баянның орындауында «Әке, ана мен сендерді меккеге апарамын» және Жүсіпбаева Ақботаның «Қазақ жастары» әндері шырқалып, көрермендерге жақсы көңіл – күй сыйлады. Осы іс-шарамызға белсене қатысқан тұрақты оқырмандарымыз отбасындағы тәрбиенің маңызы зор екенің ұғынып, ата-ананы сыйлап ,үлкенге-құрмет, кішіге –ізет ету туралы тәлім-тәрбие алды.