«Құс қанаты» элементінен ою-өрнек жасадық.
Оқушыларға қазақтың ұлттық ою-өрнектерін үйрету үстінде шәкірттердің эстетикалық талғамдары мен өнерге деген шеберлік ынта-қабілетін арттырып, дамыттық.
Ою үлгілерін компьютерге түсіріп, сызып, бояудың әдіс-тәсілдерін меңгерту, «құс қанаты» элементінен ою-өрнекті қиып көрсеттік.
Табиғат сұлулығын, байлығын бағалай отырып, оларды қорғай білуге тәрбиеледік.
Оригами сабағына кішкентай оқырмандар қатысты. Кішкентай оқырмандар қайшыны қалай ұстауды үйренді. Түрлі-түсті қағаздардан ою-өрнек жасады. Балаларға оригами сабағы ұнады.