№2 Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде «Кітаби жаздың сиқыры – Волшебство книжного лето» - атты, жазғы оқу бағдарлама бойынша «Төртқұлақ» ою-өрнегі, қолөнер сабағы өткізілді. Мақсатымыз оқушыларға ою – өрнекті қиюды, оюды, сызуды, қайшыны ұстай білуге, түрлі-түсті қағаздарды қию, қиып алып желімдеу, қағаздан жасалған заттарды әсемдеп бояу секілді тапсырмаларды орындауға үйрету.
Ою-өрнек өнері қазақ халқында ертеден-ақ барлық түріне арқау болып, ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып, оның материалдық және рухани игілігіне айналып келеді. Қазіргі кезде халқымыздың мәдени асыл қазынасының өзекті бір саласына айналған ою-өрнек қайта түлеп, бай мазмұнға, жаңа түрге ие болып келеді. Оқушылар тек ою техникасын ғана меңгермей, осы өнерге қатысты қолөнер саласында ұмыт болған сөздермен де танысты.