17.03.2021 ж.
«30 игі іс» шарасы аясында «Қайырымдылық – қайырлы іс» атты марафонды жалғастыра отырып, Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі «Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің психоневрологиялық ауруы бар мүгедек балаларға арналған күндізгі болу бөлімшесінде болып, кітаптар мен тәтті сыйлықтар таратылды.