"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Айбынды және балғын Астана»

Арқалық қаласы №2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде  6 шілде Астана күніне орай  оқырмандарға  еліміздің  бас қаласы Астананы таныстыру және Отан туралы түсініктерін қалыптастыру мақсатында «Айбынды және балғын Астана» атты виртуальды кітап көрмесін ұйымдастырдық.

Аталған іс-шараға «Алпамыс» балабақшасының мектепалды даярлық топтары  қатысты.Балаларға Астана туралы мағлұмат берумен қоса, «Арайлы Астанам!» атты видеоролик көрсетілді.Сонымен қатар биылғы жылдың маңызды оқиғасы – Астана қаласында ашылған EXPO- 2017 әлемдік көрме жайында да мәліметтер бердік. Іс- шара барысында балалар  Астана туралы тақпақтар айтып,  кітапханашылар мен тәрбиешілердің қатысуымен ойындар ойнатылды. Соңында кітапханаға экскурсия жасалып , жаңадан түскен кітаптармен таныстырдық.