"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Қияндағы күн нұры»

№2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде Молдахмет Қаназға 75 жыл толуына орай «Қияндағы күн нұры» атты әдеби подиум ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға бастауыш гимназияның 3 сынып оқушылары қатысты. Ең алдымен жазушының өмір жолына шолу жасалды. Іс –шара барысында қойылған сұрақтар экран арқылы көрсетіліп , дұрыс жауап берген оқырмандарға түрлі-түсті жетондар таратылды. Әр кезеңдерде кім көп жетон жинаса , сол жүлдегер болып анықталды. Іс шара қорытындысы бойынша жеңіске жеткен оқырмандарды марапаттадық. 27 оқушы оқырман болып жазылды.