Біз оқырмандарға кітап оқу - адамзат ойлап тапқан ең ғажайып құбылыстардың бірі екенін, рухани жан дүниеге демеу беріп, адамның адами қасиетін арттыратын да осы кітап екені, тәрбиеміздің бастауы ертегі, жыр, дастандарымыз да бүгінгі ұрпаққа кітап болып жететінін айтып жеткіздік.
Ұлы Абайдың :
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл, терең білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге,
деген сөзінен – ақ көп нәрсе аңғаруға болатынын, кітап оқу әр адам үшін қажет, кітап көбірек алғыр ойлауға баулып, албырт сезімді тежеуге, ішкі барлық ойлау және сезіну қабілетімізді қалыптастыратын сезім тәрізді ми гимнастикасы болып табылатының айтып жеткіздік.
Кітап – көп ақылдың құйылған көлі, ол ортақ мүлік, халық қазынасы, сарқылмас білім бұлағы. Ата-бабаларымыз «Күш-білімде, білім кітапта», деп бекер айтпаса керек. Кітап шебер ұстаз,тілсіз мұғалім. Біз барлық білімді кітаптан аламыз. Кітап бізді қайырымдылыққа, адалдыққа, әділдікке үйретеді.
«Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» деген Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап оқи білу - әрбір адамның білімін айқындайтын алғы шарттардың бірі деп бекер айтпаса керек.
Артық ғылым кітапта,
Ерінбе оқып көруге – деп, Абай атамыз айтқандай. Біз оқырмандарымызға осылай ұран етеміз.
«Баланы кітап оқуға үйрету» атты дауыстап сабақ оқу соңында балаларға кітап туралы ойшылдардың сөздерінен мысалдар келтіре отырып, оқудың пайдасы жөнінде пікірлер айтылып , ертегілерден викториналық сұрақтар беріліп, ойындар ойнатылды. Ойындарға белсене қатысқан бүлдіршіндерімізге сыйлықтарымызды тапсырдық.