Биылғы балалар әдебиеті бөлімінің оқу залында жылдық Тәуелсіз еліміздің рәміздерінің 25 жылдығына арналған 3 бөлімнен тұратын кең көлемді «Елдіктің ерен белгісі - рәміздер, Символы нашей Независимости» атты тарихи кітап көрмесін ұйымдастырдық.
Бұл көрмеде рәміздеріне арналған барлық мәліметтер қойылған. Мақсатымыз оқырмандарды тәуелсіз елінің рәміздерін жетік білуге, әрі құрметтеуге және толықтай мәліметпен қанағаттандыру.
1-бөлім: «Көк тудың желбірегені»
Дәйексөздер: Елдігімді әлемге,
Паш ететін байрағым,
Тұнық менің көгімдей
Әуемде мәңгі жайнағын! (Б. Бәмішұлы)
2-бөлім: «Шаңырақ – күн, уық – Нұр»
Дәйексөздер: Жан дауысы халқымның,
Шабыттана шырқалар.
Киелі сөз, сазды әуен,
Шырқағанда нұр тамар. (Б. Бәмішұлы)
3-бөлім: «Ән ұраным – ер үнім»
Дәйексөз: Тұлғасында түзілген,
Тағы қаным, діл, арым.
Төріме іліп,
Төсіме
Тағып жүрер тұмарым! (Б. Бәмішұлы)
Көрменің жетекшісі Альмағанбетова Айгерім.
Көрмеге еліміздің рәміздері туралы жазылған альбом қойылды. Кітаптар және мерзімді басылымдардағы материалдар ҚР Мемлекеттік рәміздерін мерекелеу тарихымен, тәуелсіз Қазақстан рәміздерінің құрылу тарихымен таныстырылды. Ұсынылған әдебиеттер де Мемлекеттік рәміздердің авторлары туралы, Ту және Елтаңба жасаудағы жұмыстары туралы естеліктер берілген.
Көрмеге 47-дан астам кітап қойылған.
Бұл тарихи көрмеге қатынасып, 29 бала оқырман болып жазылды және көрмедегі кітап берілім саны 127-ге жетті.
Көрме өзінің мақсаты бойынша оқырмандарға жыл бойы мағлұматтар беруге бағытталған. Осылайша, бұл кітапхананың биыл бастап отырған мәдени шаралардың алғашқысы», - деп айтуға болады.
Кітап көрмесі жылдын аяғына дейін кітапхана пайдаланушыларының назарына ұсынамыз!
Балалар әдебиеті бөлімі оқырмандар үшін есігіміз айқара ашық!
Келіңіздер! Көріңіздер!