"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Кітап аралындағы ғажайып әлем – Книжный остров в лабиринте города»

Кітап апталығының жоспары алдын ала белгіленіп, қаламыздағы барлық мектептерге таратылды.  Мереке 13-17 наурыз аралығында өткізілді.   

Кітап – алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа арнап қалдырған  рухани өсиеті, құдіретті қару. Әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі. Кітап - шебер ұстаз, тілсіз мұғалім. Кітап - адал пейіл, асыл дос. Кітап – мұхит, сол мұхиттан не терең? Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем.

Жылдағы дәстүр бойынша  №2 Облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының Балалар әдебиеті бөлімімен мектеп кітапхаларының ұйымдастыруымен аталып өтетін балалар кітап апталығы биылда жалғасын тапты. Осыған орай әр күн сайын бірнеше іс-шара ұйымдастырылды.

«Кітап аралындағы ғажайып әлем – Книжный остров в лабиринте города» айдарымен № 4 орта мектепте ашылу салтанаты болды. Кітапхана директоры Борибаева Қазына Байсабековна оқырмандарды құттықтап, ыстық лебізін білдірсе, білім бөлімінің әдіскері Уткельбаева Елена Викторовна оқырмандарға сәттілік тілеп апталығымызды ашып берді.

Кітапхана қызметкерлері Ертегі әлемінен сыр шертіп халық ертегісі «Қу түлкі» ертегісінінен сахналық қойылым қойып, ең жас оқырмандарымыз Ақбота балабақшасынын бүлдіршіндері әсем ән мен би билеп, оқырмандарымыз ән мен жырдан шашу шашты. Балалар мерекелік бағдарламада ойын ойнап викториналық сұрақтарға жауап беріп сыйлықтар таратылды.

Апталықтың екінші күні  Ы. Алтынсарин атындағы  гимназия мен № 4 мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Елдіктің ерен белгісі рәміздер» атты тақырыпта көрініс және музыкалық нөмірлер қойылды. Аталған іс-шарадан оқырмандар Отанымызды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған елімізге адал қызмет етуге патриоттық сезімдерін көрсетті.  

Үшінші күні №2 мектепте «Я познаю мир Маршака» тақырыбында  А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназия мен № 2 мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен  көркем сөз оқудан сайыс өтті. Соңынан «Королевство Маршака» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, сайыс қорытындысы бойынша үздік шыққан  жеңімпаздар мараппатталды. Төртінші  күні  кітапханада  Ескен Елубаевтың 75 жылдығына орай «Балаларға базарлығым» атты ойын-жұмбақ өткізілді. Шара барысында ақынның өмірі қысқаша айтылып. Шығармаларынан ойын жұмбақтар жасырылып №4 орта мектебінің 4 сынып оқушылары ақынның шығармасынан көрініс көрсетті.

Оқырмандар ән мен жырдан шашу шашып,тәттілер таратылып, мақтау қағаздарымен мараппатталды. Ақбота балабақшасының тәрбиешілері мен № 4 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ешмагалиева Аруна кітапхана басшысының алғыс хатымен марапатталса, Балалар әдебиеті бөлімінің кітапханашыларымен мектеп кітапханашыларының іс-шараға белсене қатысқандары Қалалық білім бөлімінің басшысының Алғыс хатына ие болды. Апталық өте жоғары деңгейде өтті.

Балалар әдебиеті бөліміндегі әрбір іс-шаралар әдебиет шолуымен аяқталады. Өткізілген әрбір іс-шараға көрнекі дайындық жасалынды: кітап-иллюстрациялы көрмелер, плакаттар, өлеңдер, видероликтердің көріністері. Балалардың іс-шарадағы көңіл-күйлері жоғары сапада болды, олардың бәрі өз пікірлерін айту үшін мүмкіншіліктері болды.