№2 Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде «Менің құқығым – менің қорғауым» азаматтық сабақ болып өтті. Қазіргі уақытта құқықтық тәрбие беру өте қажет. Ол оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ойлау қабілеттерін дамытады, өз пікірін айтуға, тұжырым жасауға үйретіп, патриоттық тәрбие береді
Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет. Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді. Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керек. Адам түрлі жағдайда өмір сүреді: отбасында, жұмыста, мектепте, көпшілік жерде. Адамның қоғам мен мемлекет алдындағы міндеті: мемлекетті қорғау, салық төлеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу. Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде.
Көптеген адамдар санасында құқық ұғымы жазалау, соттау, құқық бұзылуының ұғымдарымен байланысты түсіндіріледі. Бірақ құқық әдеттілік , теңдік, ізгілік екендігін, қоғамға негізделген тәртіп ережелері екенін естен шығармау керек. Дүние жүзі елдеріне ортақ заңдар бар. Біз ол заңға да бағынуға міндеттіміз. Ол былай аталады: «Адам құқықтары жайлы жалпыға бірдей декларациясы». Дүние жүзінің балаларын қорғауға арналған «Балалар конвенцияның 6-бабында былай делінген: «Сіздің өмір сүруге құқығыңыз бар, ал мемлекет сіздің жан-жақты еркін дамуыңызға көмектесуге міндетті. Денсаулығына, өміріңе қамқорлық жасап, қорғауға міндетті»