"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Қош келдіңдер – қанатты достар»

№2 Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде  «Қош келдіңдер  – қанатты достар» атты ойын – көрмесі ұйымдастырылды.

Аталған іс- шараның мақсаты оқырмандарға табиғаттың бір бөлігін  құрайтын жанды тіршілік иесі  құстар туралы мәліметтер берумен қатар, құстарға қамқор болуға шақыру.Себебі , құстар табиғаттың сәні. Көрмеге құстар туралы бірнеше кітаптар қойылды.Кітапханашы құстардың тіршілік етуі мен түрлеріне тоқталып ,   «Құстар салған ән» (яғни қай құс қалай дыбыстайтынын анықтау)  атты қызықты ойын ойнатты. Ойын  қызықты , әрі тартысты өтті. Сонымен  қатар кішкентай оқырмандарымызды құстар өмірінен сыр шертетін  ертегілермен танытырдық.