"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Бір ел – бір кітап» акциясы

«Бір ел - бір кітап» акциясы 2024
Балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл
Биыл «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, 2024 жылы 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқуға ұсынылды.
«Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы елімізде 2007 жылдан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық Кітапханасы мен ҚР кітапханалар қауымдастығының бастамасымен өткізіліп келеді.
Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағытталған.
Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев 1924 жылы 15 қазанда Алматы облысының Нарынқол ауданындағы «Қостөбе» ауылында туған. 1991 жылы Алматы қаласында қайтыс болған.
Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген (1949). Нарынқол ауданында мұғалім болды. «Жұлдыз», «Балдырған» журналдарында жұмыс істеген. 1952-1970 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында түрлі қызмет атқарған.
Шоқтығы биік қаламгер балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам әңгіме, повесть, роман жазды. Солардың ішінде «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтып келмейді» атты туындылары қаламгерді даңққа бөлеп, өшпес атын қалдырды. Оқырманға бұлардан басқа тағы «Он алты жасар чемпион», «Бақыт жолы», «Дала жұлдызы», «Аяжан», «Гауһар» секілді поэзиялық және прозалық жинақтар ұсынған.
Жазушының 1957 жылы жарыққа шыққан «Менің атым Қожа» повесі балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы «Қазақфильм» студиясы сол кітап бойынша кино шығарды. Фильм француздың Канн қаласындағы жастар мен балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде (1967) арнайы сыйлыққа ие болған.


«Бір ел – бір кітап-2023» акциясы бойынша өткізілетін

Төлен Әбдіктің шығармаларына арналған іс-шаралар жоспары

Мекеме атауы

Іс-шаралар түрі

Іс-шараның атауы

 

Формасы

Өткізу мерзімі

Офлайн

Онлайн

1.                   

«Арқалық қаласындағы № 2 ОӘҒК» КММ

 

1

 «Бір шығарманың сыры»- Төлен Әбдіктің «Әке» повесі бойынша бейне көрме

Бейне көрме

Ақпан 2023

2.                   

 

1

 

«Үндей-сыршыл, мұндай-тылсым, күйдей-құпия» Төлен Әбдіктің шығармалары бойынша

Ауызша журнал

сәуір 2023

3.                   

 

1

 

«Биік тұғырлы талант»  

Кұрмет көрмесі

1 тоқсан

4.                   

 

1

 

«Құдіретті қаламгер»  -жазушы Төлен  Әбдікұлы  81 жаста толуына арналған

кеш-портрет

1 тоқсан

5.                   

 

1

 

«Өлкенің дарабоз дарыны»

Әдеби алаң

2 тоқсан

6.                   

 

 

1

«Дарындылар арасындағы дара талант»- Үздік өлкетанушы Шөптибай Байділдаұлымен жоба аясында, жазушы Төлен  Әбдікұлы  81 жасқа толуына орай    

Сұхбат-портрет  

3 тоқсан

7.                   

 

1

 

 «Қазақ прозасының пырағы»

Балаларға арналған көрме-саяхат

3 тоқсан

8.                   

5

2

7

 

 

 

9.                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


«Бір ел - бір кітап-2023» акциясы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН!

 «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы елімізде 2007 жылдан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық Кітапханасы мен ҚР кітапханалар қауымдастығының бастамасымен өткізіліп келеді.

Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағытталған. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.

2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларын оқуға ұсынылды.

Төлен Әбдік - қазақ прозасында ерекше қолтаңбасы бар қаламгер. Тұңғыш рет 1969 жылы «Көкжиек» әңгімелер жинағы жарық көріп, қазақ әдебиетіне философиялық проза жанрын ала келген белгілі жазушы ретінде танымал.

Ол 1942 жылы 4 қыркүйекте Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Еңбек ауылында дүниеге келген. Төлен Әбдік 1965 жылы қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетін бітірген.

Шығармалары 1964 жылдан бастап түрлі газет-журнал беттерінде жарияланған. Төлен Әбдіктің алғашқы шығармасы университет қабырғасында көңіліне ұнаған бойжеткенге байланысты жазылған. Замандастарының айтуынша, сол күнде жас та болса сол әңгімесі өз ортасында біраз талқыланып, жақсы бағаланған. Одан кейінгі жылдары «Көкжиек» (1969 жыл), «Күзгі жапырақ» (1971 ж.), «Ақиқат» (1974 ж.), «Айтылмаған ақиқат» (1979 ж.) әңгіме, повестер жинақтарын, «Өліара» (1985 ж.), «Ақшоқыда қыс қатты» (1987 ж.), «Парасат майданы» (2002 ж.) романдары жарық көрді. Сонымен қатар қаламгердің әңгіме, повестері орыс тілінде «Истина» (1980 ж., 1981 ж.) деген атпен шықты. Грек аңыздары – «Эллада ерлерін» (1977 ж.) қазақ тіліне аударған. «Біз үшеу едік» драмасы Ғабит Мүсірепов атындағы театрда сахналанған.

Жазушы шығармаларында тіс бата бермейтін маңызды тақырыптар – парасат майданы, ақыл мен азап ауруы, тұлғаның екіге жарылуы, кейіпкердің қарапайым адамдарға тән емес науқаспен ауруы, философиялық болмысты іздеу сияқты күрделі, тың дүниелер қозғайды. Модернизмнің жұрнақтары – қазақ әдебиетінде, соның ішінде Т.Әбдіктің шығармаларында қалай көрініс тапқандығы көрінеді.

Жазушыға 2002 жылы  отандық әдебиетті дамытуға қосқан зор үлесі үшін  «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.

2003 жылы Франц Кафка атындағы халықаралық сыйлығы мен алтын медалі берілді, 2004 жылы «Парасат майданы» повесі үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

2013 жылы Төлен Әбдік «Түркі әлемінің үздік жазушысы» атанды. Түркияның Эскишехир қаласында өткен «Әдеби журналдар редакторларының VI құрылтайында» қазақ жазушысы Т.Әбдікке мәртебелі атақ салтанатты түрде табыс етілді. Қаламгердің шығармалары түбі бір туыс 13-тен астам елдің тілдеріне аударылып, кеңінен таралды. Сонымен қатар 2013 жылы көрнекті еңбегі үшін «Парасат», 2019 жылы ұлттық әдебиеттің дамуына қосқан үлесі үшін бірінші дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталған.

18.08.22 1

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН!

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы оқырмандар арасында ерекше сұранысқа ие.

Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізілуде.

Республикалық деңгейдегі дәстүрлі акция биыл оқырмандар арасында он алтыншы мәрте ұйымдастырылуда.

Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағытталған. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.

2022 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдері мен қанатты сөздерінің жинағы оқуғы ұсынылды.

Елімізде Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын келесі бағыттар бойынша зерттейтін болады:

– «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы»;

– «Ахмет Байтұрсынұлының әдеби шығармалары»;

– «Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздері»;

– «Қазіргі ғылымдағы Байтұрсыновтану».

Биыл, яғни 2022 жылы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесіне енгізілді. Ахмет Байтұрсынов (1872-1937) – қазақ ақыны, мемлекет қайраткері, әдебиет зерттеуші ғалым, ұстаз, аудармашы, ағартушы, публицист, ұлттық жазудың реформаторы, қазақ лингвистикасы мен әдебиеттанудың негізін қалаушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.

Ахмет Байтұрсынов шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады.

Ахмет Байтұрсыновтың еңбектері кітапхана оқырмандары арасында кеңінен насихатталады. Ақын мұрасы әлемдік мәдениеттің бір бөлігіне жатады және ол бүкіл адамзатқа қол жетімді болуға міндетті.


 

 

 

"Бір ел - бір кітап-2021" акциясы

«Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап»

Жыл кітаптарын бірге оқиық!

 

Дәстүрлі «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы оқырмандар арасында кеңінен танымал. Жоба әдебиетіміздің қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулуға бағытталған.

 

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен ұйымдастырылып келе жатқан акция биыл 15-ші рет өткізілуде. 

 

Жыл кітабы болып таңдалған кітаптар республикалық, облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық және мектеп кітапханаларында кеңінен насихатталатын болады.

 

Биылғы жылы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып отыр.

 

Назарларыңызға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітаптың» тізімін ұсынамыз.

Поэзия

1.Мұқағали Мақатаев «Өмірдастан».
2Жұмекен Нәжімеденов «Менің Қазақстаным».
3.Ұлықбек Есдәулет «Киіз кітап».
4.Серік Ақсұңқарұлы «Көкейімде Күлтегіннің жазуы».
5.Тоқтарәлі Таңжарық «Түн парақтары».
6.Бақытжан Қанапиянов «Достояние души».

 

Проза
1.Тынымбай Нұрмағамбетов «Періштелердің өлімі».
2.Тобық Жармағамбетов «Отамалы».
3.Сәуле Досжан «Қасірет пен тағдыр».
4.Юрий Серебрянский «Дәмді де пайдалы қазақстандық әдебиет».
5.Дәурен Қуат «Бөрісоқпақ».
6.Тұрысбек Сәукетай «Желқайық».

 

Драматургия
1.Рахымжан Отарбаев «Айна ғұмыр» пьесалар жинағы.
2.Дулат Исабеков «Жеті желкен» пьесалар жинағы.
3.Мәдина Омарова «Көмбе нанның дәмі».
4.Иран-Ғайып «Қорқыттың көрі» пьесалар жинағы.
5.Думан Рамазан «Пешене» пьесалар жинағы.
6.Сая Қасымбек «Жанталас».

 

Балалар әдебиеті
1.Ыбырай Алтынсарин «Өнер-білім бар жұрттар».
2.Бердібек Соқпақбаев «Жекпе-жек».
3.Марат Қабанбаев «Жиһангез Тити».
4.Толымбек Әбдірайым «Алабұға аулаған күн».
5.Зира Наурызбаева, Лиля Калаус «Алтын тостағанды іздеу».
6.Мәди Айымбетов «Бар болғаны он төрт жас».

 

Аударма
1.Юсупов Кеңес, Габриель Гарсиа Маркес «Жүз жылдық жалғыздық».
2.Әдетов Бекболат, Эрих Мария Ремарк «Аманат өмір».
3.Ахметов Әділ, Агата Кристи «Ғайып болған миллион».
4.Меллат Төлеген, Халид Хусейн «Жарқыраған мың күн».
5.Мәзен Динара, Ж.К. Роулинг «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме».
6.Құрметұлы Амангелді, Орхан Памук «Менің атым – Қырмызы».

 


Құрметті оқырмандар!

 

«Бір ел-бір кітап акциясы-2020: Мұхтар Әуезов және Әнуар Әлімжанов» тақырыбындағы кітап көрмесіне бейнешолуды назарларыңызға ұсынамыз.

 



Жыл кітабын бірге оқиық


 

 

Жылдағы дәстүр бойынша «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында, биыл «Жыл кітабы – 2017» таңдауы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларына түсті.  Ендеше Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдерін ел болып оқиық! Қазақ поэзиясының биігіне өрмелеп шыққан ақын ол – Сұлтанмахмұт Торайғыров. Абайдан кейінгі ұлы ақындардың бірі. Ұлт үшін күрескен қайраткер. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы елімізді, ең алдымен, мәдени мұрамызбен, шығармашылық әлеуетімізбен ілгерілетуге үндейді. Сұлтанмахмұт Торайғыров ұлттық идеяның жыршысы. Қай кезді алып қарасаң да, қоғамның қозғаушы күші жастар болып табылады. Сұлтанмахмұт жастық жігерімен, патриоттық жырларымен жастарға үлгі болады. Өлеңдерінде жастарды оқу-білімге шақырды. Демек, бүгін де һәм болашақта да елеулі өзгерістердің орын алуы – жастардың қолында. Оқырман  ұрпақ – Қазақстанның болашағы.

   Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың кегіне,
Күн болмағанда кім болам?
* * * *
Бүгіндегі жастарға оқу міндет,
Тек қана оқуменен өнер білмек,
Өнер-білім, адалдық, ар-намысты
Жоятын надандық қой емсіз індет. 
(С.Торайғыров)


 

С. Торайғыровтың шығармашылығына арналған жұмыс жоспары (Бір ел – бір кітап акциясы аясында) 2017 жыл 

 

 №

Іс-шаралар тақырыбы

 Жұмыс түрі

   Уақыт

1.

Алты Алаштың алып тұлғасы

Қөрме-    арнау

2 квартал

2.

Азаттық аңсаған ақын

Әдеби бульвар
қала саябағында

2 квартал

3.

Еркіндік жыршысы

     буклет

3 квартал

4.

Рекламный баннер по акции Одна страна- одна книга по творчеству С. Торайгырова.

 

2 квартал