"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Торғайдан палуаны

11.04.2019.

 

Киелі Торғай топырағы – табиғи таланттарға бай өлке. Осы жерден, атақты ұлт жанашырлары, ұстаздар, музыканттар мен әншілер, ақын , жазушылар шыққан. Торғай жері аты аңызға айналған балуандарға, спортшыларға да толы болды. Солардың бірі – атақты балуан  Таңатқан Дүйсекейұлы.

 

Жерлесіміз, Қазақстанның абсолюттік чемпионы, палуан Таңатқан Дүйсекеевтің 120 жылдығына арналған «Рухы биік тұлға» тақырыбында  естелік кеш өтті. Кездесуге қаламыздың құрметті ардагерлері – Орекен Алматов,  спортшының інісі – Сапар Нұрғали мен жиені  - Молдатай Жапарұлы арнайы шақырылды. Басында, осындай шаралардың  мақсаты мен маңызы, туған жердің қасиеті мен қадірі, есімдері ұмыт қалған жерлестеріміз жайлы ақпарат берілді. Кеш қонақтары, әйгілі спортшының туған жері, әке-шешесі, руы, бала-шағасы туралы қызықты әңгіме өрбітті. Аңыз атамыздың, спорттағы атақтары, жеңістері мен жетістіктері де сөз болды. Орта Азия бойынша өткен күресте 28 балуанды жеңіп, «Қазақстанның абсолюттік чемпионы» деген аттаққа ие болған торғайлық спортшы. Кітапхана қорындағы әдебиеттер насихатталып, жерлесіміз, ақын Сағи Әбілхасенұлының «Таңатқан балуан» атты поэмасынан үзінділер оқылып, өміріне шолу жасалды. Қариялардың әңгімелерінен, балуанның аты берілген көшелер, Торғай селосындағы орталық стадион осы кісінің есімімен аталатыны туралы  білдік. Кешке қатысқан студенттер, қызуғышылық , белсенділік білдіріп, кеш қонақтарына өз  сұрақтарын қойды. Әсерлі өткен кездесу, жастардың туған жеріне деген сүйіспеншілік одан әрі арта түседі деген ойдамыз.